kz ru
 
 

Жаңалықтар
Аудан туралы
Аудан әкімі аппараты
Ауданның экономикалық дамуы
Ауыл шаруашылығы
Саяси өмір
Әлеуметтік сала
Аудандағы қылмыстық жағдай
Ауылдық округтер
Ақпараттық теңсіздікті төмендету
Фотогалерея
Сұрақ-Жауап
ҚР мемлекеттік нышандары
Мемлекеттiк сатып алу
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандарттары мен регламенттері
Стратегиялық жоспар
Дипломмен ауылға!
Сайлау 2011
рисунок
Валюта бағамы
Ауа райы

Құрметті Жаңақала ауданы әкімдігінің ресми сайтына келушілер!

Сіздерді Жаңақала ауданы тұрғындары және өз атымнан Жаңақала ауданы жергілікті мемлекеттік басқаруының ресми WEB сайтында құттықтаймын.
Жаңақала ауданы-тек қана Батыс Қазақстан облысына емес, республикаға танымал үлкен мал шаруашылығымен айналысатын аудан. Ауданда асылтұқымды Еділбай қойлары, асыл тұқымды Көшім жылқылары, сонымен қатар ірі қара малдар мен түйелер өсіріледі.
Жаңақала ауданы - бұл Ұлы Отан соғысының батырлары және еңбек ардагерлері, ұлы күйші, сазгер, домбырашы, мәдениет және қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың Отаны.
Атап айтқанда, күй атасы Қ.Сағырбаев, күй анасы Д.Нұрпейісова, ұлы күйші - сазгерлер Қ.Жантілеуов, Мәмен, О.Қабиғожин, Ш.Қажғалиев, қазақ халқының еркіндігі үшін күресушілері М.Өтемісов, И.Таймановтардың Отаны.
Өзіне меншікті WEB сайт құру «Электрондық үкіметті» іске асырудың бірінші қадамы болып табылып, мемлекеттік органдардың жұмысын тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «"Электрондық үкімет" жасақтау жөніндегі жұмыстың нәтижелеріне мұқият талдау жүргізу керек. Осыны ескере отырып, әрі әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, осы заманғы ақпараттық технологияларды енгізуді жалғастыра беру қажет болады»,-деп атап көрсетті.
Менің ойымша Интернетте әкімдіктің ресми сайтының ашылуы мемлекеттік басқару органдарының тұрғындарымен қарым-қатынасын, жедел түрде мәлімет алмасуларына, әрбір сайтқа келушілерге аудан тарихы, оның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде ақпарат алуға, өзін қызықтыратын сұрақтарына жауап алып, алынған шешімдерге ұсыныстарын енгізуге жағдай жасалып отыр.
Әкімдіктің ресми сайты көпшілік тұрғындардың ой-пікірлерін қатерге алып, ауданның алға басуына қызмет ететініне сенімдімін.
Біз Батыс Қазақстан облысының және тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі үшін өзара тиімді қарым-қатынас жасауға әзірміз.


Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

 

Құрметпен,
Жаңақала ауданы әкімі
Хайретдинов Лавр Рашидұлы
Жаңалықтар
05.07.2011
Жаңа тағайындау

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Лавр Рашидұлы Хайретдинов Жаңақала ауданының әкімі болып болып тағайындалды.

27 маусымда облыс әкімі Б.С.Ізмұхамбетов Жаңақала аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысып депутаттарға Жаңақала ауданы әкімі лауазымына Лавр Рашидұлы Хайретдиновтың кандидатурасын ұсынды. Депутаттар облыс әкімінің ұсынысын бірауыздан қолдады.

Облыс әкімі Б.С.Ізмұхамбетов осы күні  жаңа әкімді аудан активіне таныстырды. Бұған дейін аудан әкімі болған  Т.Имашев басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл қызметтен босатылды.
08.02.2011
Жаңақала ауданы әкімі Т.Е.Имашевтың аудан тұрғындарымен қорытынды есебі өткізілді

2 ақпан күні аудандық мәдениет үйінде өткен Жаңақала ауданының әкімі Тимур Есенғалиұлы Имашевтың тұрғындар алдындағы қорытынды есебі жиынына ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы А.С.Көлгінов облыс әкімінің орынбасары С.Сүлеймен,  облыс әкімі аппаратының басшысы А.М.Даулетжанов қатысып отырды.

04.02.2011
Хабарландыру

 

            Жаңақала ауданының денсаулық сақтау мекемелеріне қазіргі уақытта жоғары білімді дәрігер мамандары қажет:

ауылдық округтердегі дәрігерлік емханаларға жалпы тәжірибедегі дәрігерлер – 4,

акушер-гинеколог - 1,

хирург – 1,

ЛОР врач -1,

стоматолог – 1,

терапевт (кардиолог) - 1

         Жаңақала ауданына келіп еңбек етуге тілек білдірушілерге 1 жыл ішінде тұрғын үй салып беруге мүмкіндік бар екендігін және басқа да әлеуметтік жағдайлар жасалатынын қатерлеріңізге береміз.

 

 

Жаңақала ауданы әкімінің аппараты

14.05.2010
Жаңа тағайындау
  15 наурызда облыс әкімі Бақытқожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Жаңақала ауданында болып, аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты. Облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов депутаттардың қарауына Жаңақала ауданының әкімі лауазымына Тимур Есенғалиұлы Имашевтің кандидатурасын ұсынды. Аудандық мәслихаттың депутаттары облыс әкімінің ұсынысын бірауыздан қолдады.
28.01.2010
2010 жылға арналған салық және төлемақы ставкаларын белгілеу
Жаңақала ауданы бойынша 2010 жылға арналған салық және төлемақы ставкаларын белгілеу туралы
04.03.2008
Депутат елге келді
Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов Жаңақала ауданында болып, ел-жұртпен кездесті.
Copyright CISIT 2007